Хабарландыру
басшы орынбасарының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
- Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Бурабай балалар мектебі" КМҚК
- Орналасқан жері, телефоны: 111300, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Тұрсынбай батыр көшесі, 71. Тел. 8 714 43 2 25 33, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Лауазымы: басшының орынбасары, жүктемесі – 1 ставка, жалақысы – санатына қарай 182 000 теңгеден бастап.
- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілін кемінде 5 жыл растайтын құжат;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.
- Кандидатқа қойылатын лауазымдық міндеттер:
- педагогикалық ұжымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
-үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын орындау бойынша педагогтердің жұмысын, сондай-ақ оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;
- білім беру процесінің сапасын және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
- педагогтарға инновациялық бағдарламаларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;
- іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс жүргізеді;
- білім алушыларға, тәрбиеленушілер мен қызметкерлерге жағдай жасайды, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
- ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;
- оқу сабақтарының кестесін жасайды;
- белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;
- білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
-оқу кабинеттерін, аудиторияларды заманауи жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен толықтыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша білім беру үшін жағдай жасайды;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні - 04.09.2023 ж., жұмыс күнінің соңына дейін.
- Конкурстық комиссияға ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
- Конкурсқа құжаттар жоғарыда айтылған мерзімде (08.09.2023 ж.) Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Тұрсынбай батыр көшесі, 71 мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс. Тел. 8 714 43 2 25 33

