09 Қырқ 2025
Бос орындар

Конкурс өткізу туралы хабарландыру бос лауазымға орналасуға қосымша білім беру педагогы домбыра сыныбы бойынша

Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданының білім бөлімінің «Боровской балалар өнер мектебі» КМҚК

Орналасқан жері: 111300, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Тұрсынбай батыр көшесі, 71.

Телефондары: тел. 8 714 43 2 25 33; Эл пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бос лауазымның атауы: Домбыра сыныбы бойынша қосымша білім беру педагогы.

Негізгі функционалдық міндеттері:

- оқытушылармен бірлесіп жеке жоспарлар мен оқу бағдарламаларын әзірлейді, қажет болған жағдайда білім алушылармен жеке сабақтар өткізеді;

- білім алушылардың орындаушылық дағдыларын қалыптастырады, ансамбльдік ойын дағдыларын сіңіреді, олардың көркемдік талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелі көріністерін кеңейтуге және шығармашылық даралығын тәрбиелеуге ықпал етеді;

- сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде және т. б. музыкалық материалдың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді.;

- парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды транспозициялайды;

- белгіленген есептік құжаттаманы уақтылы жасайды және оны тікелей басшыларға ұсынады;

- педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, білім беру бағдарламасында көзделген тәрбиелік және басқа да іс-шараларды өткізуге, ата-аналарға (заңды өкілдерге)әдістемелік және консультациялық көмекті ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

-оқытушы мен басшының орынбасарын ауруына байланысты жұмысқа шығу мүмкін остігі туралы уақтылы хабардар етеді;

- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын орындайды;

— білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Төлем: - бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар арнаулы орта білім:120000

- үш жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары білім: 180000 теңге.

Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: білім беру ұйымының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде.

Бос лауазымға орналасуға құжаттарды қабылдау: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Меңдіқара ауданының білім бөлімінің "Боровской балалар өнер мектебі" КМҚК.

  1. Құжаттар тізімі:

1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жері мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

8.Бос лауазым мерзімі гитара сыныбы бойынша қосымша білім беру педагогы 09.09.2025 ж. бастап 17.09.2025 ж. дейін.

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Тұрсынбай батыр көшесі 71

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекенжайлар:

Телефондары: 8 714 43 2 25 33; Эл пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Жаңалыктар