09 Қырқ 2025
Бос орындар

Хабарландыру басшы орынбасарының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

  1. Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Боровской балалар өнер мектебі" КМҚК
  2. Орналасқан жері, телефоны: 111300, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Тұрсынбай батыр көшесі, 71. Тел. 8 714 43 2 25 33, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  3. Лауазымы: басшының орынбасары, жүктемесі – 1 ставка, жалақысы – санатына қарай 182 000 теңгеден бастап.
  4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілін кемінде 5 жыл растайтын құжат;

және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.

  1. Кандидатқа қойылатын лауазымдық міндеттер:

- педагогикалық ұжымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

-үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын орындау бойынша педагогтердің жұмысын, сондай-ақ оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;

- білім беру процесінің сапасын және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;

- педагогтарға инновациялық бағдарламаларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;

- іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс жүргізеді;

- білім алушыларға, тәрбиеленушілер мен қызметкерлерге жағдай жасайды, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

- ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;

- оқу сабақтарының кестесін жасайды;

- белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;

- білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

-оқу кабинеттерін, аудиторияларды заманауи жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен толықтыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

- есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша білім беру үшін жағдай жасайды;

- білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні 03.09.2025 ж. - 11.09.2025 ж., жұмыс күнінің соңына дейін.
  2. Конкурстық комиссияға ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

8. Конкурсқа құжаттар жоғарыда айтылған мерзімде ( 11.09.2025ж.) Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Тұрсынбай батыр көшесі, 71 мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс. Тел. 8 714 43 2 25 33

Жаңалыктар