Білім басқармалары қызметінің кешенді мониторингі нәтижелерінің қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі үздіктердің бірі болып белгіленді.
Осыған байланысты, тәжірибе алмасу мақсатында 2023 жылғы 19 шілдеде Қостанай қаласындағы балалар шығармашылығы мектебінің базасында офлайн форматта республикалық семинар-практикум өтті, оған Алматы және Жамбыл облыстарының қосымша білім беру жүйесінің өкілдері қатысты.
Семинар пленарлық және практикалық бөлімдерден тұрды. Пленарлық бөлімнің алдында облыстың қосымша білім беру ұйымдары шеберлерінің шығармашылық арбаты ұйымдастырылды.
Семинарға Боровской балалар өнер мектебінің кескіндеме бөлімінің оқушыларының жұмыстары көрсетілді.
Боровской балалар өнер мектебінің кескіндеме бөлімінің мұғалімі Айсина Динара Муратовна гипстан мүсіндер жасаудан мастер-класс өткізді.
Мастер-классқа кескіндеме бөлімінің оқушылары Кимбаев Диас және Хасенов Арнұр қатысты.
Семинар қатысушылары семинар-практикумды ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті. Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушыларға Қостанай облысы білім басқармасының сертификаттары табыс етілді.

